ru en kk

Orbis Kazakhstan компаниялар тобына кіретін Hino Motors Kazakhstan компаниясы Қазақстан нарығындағы қызметінің 10 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде компания коммерциялық көлік сегментіндегі көшбасшылардың біріне айналды. Hino Motors Kazakhstan Бас директоры Еран Әбдірахманов атап өткендей, компания он жыл ішінде Қазақстан нарығына Toyota тобына кіретін жапондық Hino брендінің 3000-нан астам коммерциялық техникасын жеткізді. Біз осы жылдар ішінде қазақстандық клиенттердің сеніміне ие болып, экономиканың түрлі салаларындағы көптеген компаниялар үшін сенімді серіктес бола алғанымызды мақтан тұтамыз. Біздің техникамыз логистика, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және басқа да көптеген салаларда жұмыс істейді, - деді Ерлан Әбдірахманов. Hino Motors Kazakhstan-біздің компаниялар тобының маңызды бөлігі. Он жылдық жұмыс барысында компания жапондық сапа мен сенімділіктің қазақстандық нарықта сұранысқа ие екендігін дәлелдеді. Біз бұл бағытты дамытуды жалғастырамыз, модельдік қатарды кеңейтіп, сервистік қызмет көрсетуді жақсартамыз, - деп атап өтті Orbis Kazakhstan президенті Сухраб Махмудов. Мерейтойға орай компания клиенттер мен серіктестер үшін салтанатты іс-шара өткізді, онда жақында қазақстандық нарықта пайда болатын Hino коммерциялық техникасының жаңа үлгілерін ұсынды. Сонымен қатар, Hino Motors Kazakhstan Қазақстан өңірлерінде сервистік орталықтар желісін кеңейту және клиенттер үшін жаңа адалдық бағдарламасын іске қосу туралы жариялады.

Басқа жаңалықтар
13 маусым
Orbis Agro көктемгі егіс науқанын аяқтады
11 маусым
Orbis Kazakhstan мотор майлары мен техникалық сұйықтықтарды жеткізе бастады
22 мамыр