ru en kk

Астанада Қазақстандағы неміс брендінің екінші ресми өкілдігі болып табылатын Porsche жаңа дилерлік орталығының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа Porsche дилерлік орталығы Астананың көрнекі ауданында орналасқан және 2000 шаршы метрден астам аумақты алып жатыр. Орталық Porsche жаһандық стандарттарына сәйкес салынған және осы брендтің автокөлік иелеріне толық қызмет көрсетеді. Қазақстан астанасында Porsche жаңа дилерлік орталығының ашылуы - біз үшін маңызды оқиға. Бұл елдегі премиум көліктерге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және Porsche AG бізге берген сенімін көрсетеді. Біз брендтің жоғары стандарттарына сәйкес келетін және клиенттерімізге сервистің ерекше деңгейін ұсынатын заманауи орталық құрдық, - деп атап өтті Orbis Group Директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов. Қазақстан - Орталық Азиядағы Porsche үшін маңызды нарық. Біз мұнда экономиканың тұрақты өсу әлеуетін көреміз. Астанадағы жаңа дилерлік орталық бізге елордадағы клиенттерімізге жақын болуға және оларға Porsche жаһандық стандарттарына сәйкес келетін қызметтердің толық спектрін ұсынуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ашылу салтанатына қатысқан Porsche AG Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Холгер Геррманн. Жаңа дилерлік орталықта Porsche-дің толық құрамы, соның ішінде ең жаңа Taycan электромобильдері бар. Клиенттер автокөлікті сатып алып қана қоймай, заманауи жабдықтармен жабдықталған сервистік орталықтың қызметтерін де пайдалана алады. Сонымен қатар, орталықта Porsche Design бутиuі жұмыс істейді, онда брендтің эксклюзивті аксессуарлары мен өнімдері бар.

Басқа жаңалықтар
13 маусым
Orbis Agro көктемгі егіс науқанын аяқтады
11 маусым
Orbis Kazakhstan мотор майлары мен техникалық сұйықтықтарды жеткізе бастады
22 мамыр