Қазақстандағы премиум-сегменттегі ең танымал 10 автокөліктің 8-ін Orbis тобы сатады
2025 жылдың тамыз айында Forbes Kazakhstan журналы премиум-сегменттегі ең танымал 10 жеңіл автокөліктің тізімін жариялады. Бұл тізімдегі сегіз модель Қазақстанның түрлі қалаларында орналасқан Orbis дилерлік желісі арқылы сатылуда.
Басылым мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елде 193 722 жаңа жеңіл автокөлік сатылған. Соның ішінде 7 929-ы премиум санатына жатады.
Forbes Kazakhstan ұсынған премиум-класстағы ең танымал модельдер қатарында Porsche Cayenne, Infiniti QX80, ZEEKR X және ZEEKR 001 бар. Бұл брендтердің ресми дистрибьюторы – Orbis тобы. Сонымен қатар, рейтингке Lexus RX, Lexus LX, Lexus RXH және Lexus GS модельдері де кірді, олар да Orbis дилерлік желісі арқылы сатылады.
Бұдан бөлек, Forbes Kazakhstan 2024 жылғы сатылым қорытындыларына сәйкес, Қазақстандағы премиум-класстағы ең танымал 10 автокөлік бренді рейтингін жасады. Жоғарыда аталған брендтерден басқа, тізімге Audi және Cadillac маркалары да енді. Бұл маркалардың да Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Orbis тобы болып табылады.