ru en kk

Geely Auto Group вице-президенті және Geely Auto International компаниясының бас директоры Алекс Нан Қазақстанға іссапармен келді. Бұл сапар компания үшін қазақстандық нарықтың стратегиялық маңызын және Orbis Auto-мен әріптестіктің негізгі рөлін тағы да айқындады.

img

Orbis Auto басшылығымен кездесуде тараптар Geely-дің Қазақстандағы қызметінің нәтижелерін қорытындылап, дилерлік желіні дамыту және логистикалық үдерістерді жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру және брендтің нарықтағы орнын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.

«Geely Auto үшін басты басымдық – мықты бренд қалыптастыру және клиентке бағдарланған тұрақты дистрибуция жүйесін дамыту. Orbis Auto-мен серіктестік – нарықты жылдам әрі тиімді дамытуға мүмкіндік беретін стратегиялық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. Біз Қазақстан нарығында үлкен әлеует бар деп сенеміз және бірлесе отырып Geely-дің аймақтағы ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізетінімізге кәмілміз», – деді Алекс Нан.

img

Orbis Auto мен Geely арасындағы әріптестік 2022 жылы басталды және аз уақыт ішінде брендтің Қазақстандағы жылдам өсуіне ықпал етті. Бүгінде Geely автокөліктері елдің 17 қаласын қамтитын 23 автоорталықта ұсынылған.

img

Басқа жаңалықтар
Orbis Auto тобы ALT University-де инженерлік зертхана ашты
27 ақпан
Динара Искакова: Автобизнес кемелдену кезеңіне қадам басты
23 ақпан
Қытайда өткен дилерлік конференцияда Қазақстандағы Kaiyi-дің үздік қызметкерлері марапатталды
02 ақпан