ru en kk

Orbis Qazaqstan және Toyota Tsusho Corporation бірлескен кәсіпорны — Hino Motors Kazakhstan компаниясы Алматы облысы, Қарасай ауданының Елтай ауылдық округінде орналасқан жаңа ірі Focus Aksengir логистикалық кешеніне заманауи Toyota қоймалық техникасын жеткізуді бастады.

Жеткізілген техника құрамына үш тіректі электрлі жүк тиегіш, ричтрак (электрлі штабелёр) және оператор платформасы бар электрлі паллет тасымалдағыш кіреді. Бұл машиналар қойманың тиімді жұмысын және жүктерді өңдеудің барлық кезеңдерінде жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.

Focus Logistics (BAZIS тобы) компаниясына тиесілі Focus Aksengir логопаркі өңірдегі ең ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылады. Жалпы инвестиция көлемі 70 млрд теңгені құрайды, ал жоба толық жүзеге асқанда қойма алаңы 300 мың шаршы метрге дейін жетпек.

3 қазанда өткен ресми ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, BAZIS-А тобы мен Focus Logistics компаниясының өкілдері, сондай-ақ жобаның серіктестері қатысты.


Hino Motors Kazakhstan компаниясының өкілдері атап өткендей, жеткізілген техника жаңа нысанда қолданыла бастады. Қойма толық қуатына шыққаннан кейін Toyota техникасының паркін одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар
Orbis Group-тың 2026 жылға арналған стратегиясы: адамдар, жасанды интеллект және білім
26 желтоқсан
Orbis Group негізін қалаушы Фаррух Махмудов Токиода өткен «Орталық Азия – Жапония» бизнес-форумына қатысты
20 желтоқсан
Orbis Qazaqstan компаниясының негізін қалаушы «Парасат» орденінің иегері атанды
24 қазан