ru en kk

Orbis Group көпсалалы компаниялар тобының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға жасаған ресми сапары аясында іскерлік делегация құрамына кірді. Сапардың басты оқиғасы 20 желтоқсанда Токиода өткен аймақтың ірі корпорацияларының басшыларын біріктірген «Орталық Азия – Жапония» бизнес-форумы болды.

img

Orbis Group-тың мұндай ауқымдағы форумға қатысуы компанияның халықаралық экономикаға терең интеграцияланғанын айғақтайды. Бүгінгі таңда топтың жапондық серіктестермен табысты ынтымақтастық тәжірбиесі бар. Бұған Toyota Tsusho Corporation-мен бірлескен кәсіпорын — HINO Motors Kazakhstan компаниясының Orbis құрылымына енуін жатқызуға болады. Сонымен қатар, агробизнесті әртараптандыру аясында Orbis Agro қазақстандық астық дақылдарын Жапония нарығына экспорттауды белсенді дамытып келеді.

img
Бизнес-форум жапон бизнесінің Орталық Азияға деген бұрын-соңды болмаған қызығушылығын көрсетті. Кездесулер қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3,72 млрд долларды құрайтын 60-тан астам коммерциялық келісімге қол қойылды.

img

Orbis Group пен жапондық корпорациялар арасындағы байланыстарды нығайту бизнесті ауқымдандыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті Қазақстанда өтеді. Бұл іс-шара диалогтың логикалық жалғасы ретінде жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру платформасына айналады.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар
Orbis Auto тобы ALT University-де инженерлік зертхана ашты
27 ақпан
Динара Искакова: Автобизнес кемелдену кезеңіне қадам басты
23 ақпан
Қытайда өткен дилерлік конференцияда Қазақстандағы Kaiyi-дің үздік қызметкерлері марапатталды
02 ақпан