ru en kk

Қасым-Жомарт Тоқаев KIA маркалы арнайы және коммерциялық техникалар құрастыратын зауыт жұмысымен танысты.

Кәсіпорын іске қосылған 2022 жылдан бері 700-ден аса автокөлік шығарған. Өндіріске құйған инвестицияның жалпы көлемі 11 миллиард теңгеден асты. Мұнда өндірушілерден жеткізілген бөлшектерді дәнекерлеу, сырлау, шанақ монтаждау жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар коммерциялық автокөліктерге арналған қосымша жабдықтар өндірісі жолға қойылған. 240 маман тұрақты жұмыспен қамтылған.

img

Компания өндірістік қуаты мен өнім түрін кеңейту үшін басқа да халықаралық брендтермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Президент еңбек ұжымына табыс тілеп, KIA Bongo автокөлігінің шанағына естелік қолжазба қалдырды.

imgimgimg

Басқа жаңалықтар
Алматының орталығында жаңа сквер салу бастамасын Orbis Group қолдады
InfromBuro
10 қараша
Orbis компаниясы Geely автомобильдерін Қазақстанда өндіреді
QazMonitor
25 қазан
Қазақстанда 1500 сиырға арналған ірі сүт фермасының құрылысы аяқталды
NazarMedia
29 тамыз