ru en kk

Алматы. Қала орталығында жаңа қоғамдық сквердің абаттандырылуына Orbis Group компаниясы серіктес болды. Экологиялық бастаманы жүзеге асыру аясында компания аумақты көгалдандыру және тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы демалыс аймағын қалыптастыру мақсатында 200 миллион теңге бөлді.

Компанияның қолдауымен Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында орналасқан саябақ аумағына түрлі сәндік және ірі ағаш түрлері - тал, жөке, алма ағаштары мен бірнеше сортты арша отырғызылды. Бұл өсімдіктер саябақтың жалпы ландшафтық бейнесіне үйлесімді түрде енді. Соның нәтижесінде кеңістік табиғи көлеңкелі әрі салқын ортаға айналып, жаз айларында тұрғындарға жайлы демалыс сыйлайтын орын болды.

Саябақта сондай-ақ Orbis Group қолдауымен ерекше стела орнатылды - граниттен, металдан және ағаштан жасалған сәулеттік элемент. Бұл нысан жаңа қалалық серуендеу бағыттарының айрықша белгісіне айналды. Алматылықтар мен қала қонақтары осы стеламен суретке түсіп, оны жаңа тартымды нүктеге айналдыруда.

Orbis Group компаниясының негізін қалаушысы Фаррух Махмудов өз пікірінде атап өтті:
«Біз бұл экологиялық бастаманы қуана қолдадық, өйткені Алматы қаласы барған сайын жасылданып, ауасы таза болғанын қалаймыз. Orbis Group компаниясының ағаш отырғызу мен осы аумақты абаттандыруға қосқан үлесі ерекше мәнге ие: қалада жасыл аймақтар неғұрлым көп болса, тұрғындардың өмір сапасы соғұрлым жоғары болады. Біз Алматыда осындай маңызды демалыс орындарының көбеюіне үлес қосқаны­мызға қуаныштымыз. Қалалық әкімдікке көрсеткен сенімі үшін алғыс айтамыз.»

Жаңа сквер серуендеуге, спортпен шұғылдануға және таза ауада демалуға әрі кездесулер өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Orbis Group компаниясы экологиялық таза қалалық ортаны дамыту мен Қазақстан мегаполистерін көгалдандыруға бағытталған жобаларды қолдауды жалғастырады.

Басқа жаңалықтар
Orbis Group су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңге жіберді
25 желтоқсан 2024
Автомобиль тобының қызметкерлері Қазақстанның 10 қаласында сенбілікке шықты
25 желтоқсан 2024
Orbis Auto Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін құттықтады
25 желтоқсан 2024