Orbis Auto ALT University студенттеріне автобизнеске жол ашады
14 қазан, Алматы. — Orbis Auto компаниясы мен Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT University өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Серіктестіктің жаңа кезеңіңде университет студенттері Orbis Auto холдингіне қарасты дилерлік орталықтар мен кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге, ал үздік түлектер компаниялар тобында мансап бастауға мүмкіндік алды.
Құжатқа қол қою рәсімі Алматы қаласындағы университет қабырғасында өтті. Іс-шараға университет ректоры Меруерт Жармагамбетова мен Orbis Auto бас директоры Динара Искакова қатысты.
Бұл келісім тек практика мен тағылымдамадан өтуді ғана емес, заманауи білім беру форматтарын енгізуден бастап, саланың нақты жағдайына бейімделген бірлескен жобаларды жүзеге асыру сияқты компания мен университет арасындағы тәжірибе алмасуды қамтиды.
«Автобизнес жылдам өзгеріс үдерісінде — жаңа технологиялар, сату форматтары мен сервистер пайда болуда. Жас мамандар бұл өзгерістерді жақсы сезінеді, тіпті көп жағдайда сол өзгерістердің бастаушысы болады. Біз ALT University студенттерінің Orbis Auto-ны тек тәжірибе орны ғана емес, болашақ мансап алаңы ретінде көргенін қалаймыз. Мен бір кездері студент болып Тойота дилерлік орталығына жұмысқа келген едім, ал кәзір бірден бір компанияны басқарып отырмын. Менің әріптесім Санжар Қонысбай Orbis Auto компаниясында тәжірбиесі аз жас маман ретінде бастап, 27 жасында Toyota City Алматы дилерлік орталығының басшысы лауазымына келді. Мұндай мысалдар біздің компанияның тарихында аз емес. Біз осындай табыс оқиғаларының көп болғанын қалаймыз. Жастар үшін бірінші мүмкіндіктің қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін»- деп Orbis Auto бас директоры Динара Искакова атап өтті.
ALT University ректоры Меруерт Жармагамбетова өз сөзінде осы серіктестікті университеттің соңғы жылдардағы реформаларының логикалық жалғасы екенін атап өтті:
«Біз оқыту тәсілдерін қайта қарап, азырақ теория мен көбірек практика тәсіліне келдік. Дуалды оқыту жүйесіне сәйкес студенттер уақыттың едәуір бөлігін өндірісте өткізеді. Бұл студенттерге тәжірибе мен саланы түсінуді, өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Orbis Auto-мен ынтымақтастық осы үрдісті тереңдете түседі: студенттер заманауи автобизнестің қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көре алады».
Orbis Auto мен ALT University арасындағы әріптестік — инженерлерден бастап маркетологтарға дейінгі жас мамандарды нақты нарық талаптарына сай даярлауға бағытталған жүйе құруды мақсат етеді.
Orbis Auto — Orbis Qazaqstan компаниялар тобының автомобиль бөлімшесі, Қазақстандағы автомобиль бөлшек сауда секторындағы ірі ойыншылардың бірі. Компания 2012 жылы құрылған. Компнаия портфелінде Cadillac, Audi, Porsche, Toyota, Volkswagen, Zeekr, Geely, Exeed, Hyundai және басқа да 18 бренд бар. Қазіргі таңда топ құрамына ел бойынша 68 дилерлік орталық кіреді.
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT University — көлік, логистика және жол инфрақұрылымы саласындағы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны. 1931 жылы құрылған. 2021 жылы оқу орны Academy of Logistics and Transport (ALT) болып қайта құрылып, ал 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап университетке белгілі инженер, мемлекет қайраткері Мұхамеджан Тынышбаевтың есімі берілді.