ru en kk

Orbis Agro холдингіне (Orbis Group құрамына кіретін) жоғары өнімді асыл тұқымды сиырлардың алғашқы партиясы жеткізілді. Жануарлар қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда орналасқан «Буденное СК» сүт фермасына әкелінді. Барлығы Германиядан 165 голштин-фриз қашары импортталды.

Сиырлар Еуропа шаруашылықтарында қатаң іріктеуден және карантиннен өтті. Барлық қашарлар буаз, ал төлдеуі наурыз айында күтілетіндіктен, бұл табынды тезірек қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жеткізілім 1200 сауын сиырға арналған заманауи ферманы құру жобасының маңызды кезеңі болып табылады. 2025 жылы салынған ферма Westfalia жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Бұған қоса фермада карусель типтес сауын залы бар.

 

Голштин-фриз тұқымын таңдаудағы басты себеп — олардың жоғары өнімділігі, яғни бұл сиырлар жергілікті жағдайларда тәулігіне 40 литрге дейін сүт бере алады.

2026 жылы Orbis Agro фермасына сиярлардың тағы бірнеше партиясының жеткізілуі күтіледі.

Фото: Александр Марченко

Басқа жаңалықтар
Orbis Auto тобы ALT University-де инженерлік зертхана ашты
27 ақпан
Динара Искакова: Автобизнес кемелдену кезеңіне қадам басты
23 ақпан
Қытайда өткен дилерлік конференцияда Қазақстандағы Kaiyi-дің үздік қызметкерлері марапатталды
02 ақпан